18 Маусым, 13:40
ӘЧ-дегі алғашқы гол: Аббосбек Файзуллаев туралы не білеміз?Үкімет 16 қазаннан бастап барлық тұтынушылар тобы үшін коммуналдық тарифтердің өсуін 2026 жылдың I тоқсанының соңына дейін тоқтатты. Осы мерзімнен кейін тарифтер қалай өзгереді? Бұл туралы премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин айтты, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Оның айтуынша, шектеу кезеңінде монополистердің инвестициялық міндеттемелерді қалай орындап жатқанын жан-жақты тексеру жүргізіледі.
2026 жылдың II тоқсанынан бастап тарифтердің өсуі инфляцияның нысаналы деңгейімен сәйкестендіріліп, теңгерімді түрде жүзеге асады, – деді Жұманғарин.
Әлеуметтік осал топтар үшін көмек беру механизмі сақталады. Алайда ол одан әрі нақтылауға бағытталып, ең мұқтаж азаматтарға ғана көрсетілмек.
2026-2028 жылдары коммуналдық инфрақұрылымды жаңғыртуға шамамен 3 триллион теңге тарту жоспарланып отыр. Бұл қаражат 30 мың шақырым инженерлік желілерді жөндеуге жұмсалады.
Жұманғариннің айтуынша, тарифтердің инфляцияға жыл сайынғы ықпалы 1 пайыздық тармақтан аспайды.
Үкіметтің дағдарысқа қарсы шаралары
Еске салайық, 16 қазаннан бастап Қазақстан үкіметі макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз етуге және экономикалық реформалардың теріс әсерін жұмсартуға бағытталған бірқатар шешім қабылдаған болатын.
Атап айтқанда, 2026 жылдың I тоқсанының соңына дейін барлық тұтынушылар үшін коммуналдық тарифтердің өсуі тоқтатылды.
Тарифтердің өсуін шектеу табиғи монополия субъектілерінің операциялық шығындарын оңтайландыру арқылы қамтамасыз етіледі. Сонымен бірге, коммуналдық жүйедегі барлық жоспарланған жөндеу жұмыстары белгіленген мерзімде толық орындалуы тиіс. Сондай-ақ әлеуметтік осал топтарға арналған көмек механизмі бұрынғыдай жұмыс істей береді, – деді үкімет.
18 Маусым, 13:40
ӘЧ-дегі алғашқы гол: Аббосбек Файзуллаев туралы не білеміз?14 Маусым, 21:04
Президент ат қойған Ақниет пен Бөрте туралы не білеміз?8 Маусым, 16:10
Жолы болмаған чемпион: Германияға 30 жылдан кейінгі жеңісті сыйлаған Зверев кім?2 Маусым, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүр