29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары2026 жылдың қаңтар айында қазақстандықтар 12 күн демалады, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Жаңа жыл мен Рождество мерекелеріне байланысты қаңтар айындағы демалыс күндерінің кестесі бес күндік және алты күндік жұмыс аптасына қарай әртүрлі болады. Мемлекеттік мерекелер есебінен азаматтар ай бойы қосымша тынығу мүмкіндігіне ие.
Бес күндік жұмыс аптасы үшін:
– Жаңа жылға байланысты демалыс күндері: 1-4 қаңтар (бейсенбі-жексенбі);
– Жұмыс күндері: 5-6 қаңтар (дүйсенбі, сейсенбі);
– Рождество мерекесі: 7 қаңтар (сәрсенбі – демалыс);
– Одан кейін қалыпты жұмыс кестесі жалғасады.
Бұл жағдайда қаңтар айында 12 демалыс және 19 жұмыс күні болады.
Алты күндік жұмыс аптасы үшін:
– Жаңа жылдағы демалыс: 1-2 қаңтар (бейсенбі, жұма);
– 3 қаңтар – жұмыс күні (сенбі);
– 4 қаңтар – демалыс (жексенбі);
– 5–6 қаңтар – жұмыс күндері;
– 7 қаңтар – Рождество мерекесіне байланысты демалыс.
Алты күндік жұмыс кестесінде қаңтарда 7 демалыс және 24 жұмыс күні қарастырылған.
29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек