10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыПремьер-министрдің тапсырмасы бойынша экономиканың нақты секторын дамыту шаралары бойынша бірінші көшпелі кеңесті Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин 30 желтоқсанда Қарағанды облысында өткізді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Республикалық кеңеске қатысушыларға, яғни, қаржы институттарының, екінші деңгейлі банктердің, барлық өңір әкімдіктерінің, ірі квазимемлекеттік компаниялардың басшыларына, ҚР СІМ Инвестициялар комитетінің төрағасы Ғабидолла Оспанқұлов Ұлттық цифрлық инвестициялық платформаны таныстырды. Бұл платформа инвесторлардың, мемлекеттік органдардың және квазимемлекеттік сектордың өзара іс-қимылына арналған «Бірыңғай терезе» болып саналады.
Жүйеде Қазақстанның инвестициялық саясатының толық бейнесін қалыптастыру үшін барлық қатысушылар арасында қажетті ақпарат алмасу процесі автоматтандырылған. Бүгінгі таңда платформа пулында 836 жоба бар, оның 60-ы «жасыл дәліз» аясында жүзеге асырылуда.
10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді