Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыҒылым және жоғары білім министрлігіне қарасты Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті төрағасының орынбасары Жанна Есінбаева жаңа оқу жылына бөлінген гранттар мен квоталар қалай бөлінетіні туралы айтып берді, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
2025-2026 оқу жылына 77 мыңнан астам грант бөлінді. Оның басым бөлігі, яғни 60%-ы техникалық бағыттағы мамандықтарға, 20%-ы педагогикалық мамандықтарға, ал қалған 20%-ы қажеттілікке байланысты әртүрлі салаға жіктелді. Сондай-ақ Қ Білім туралы Заңына сәйкес, квоталық категориялар ескерілген. Мысалы:
жетім балалар немесе мүгедектігі бар балалар;
көп балалы және толық емес отбасынан шыққан балалар;
мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылардан шыққан балаларға арнайы квоталар қарастырылды.
Бұл категориялардың ерекшелігі – аталған квота түрі бойынша талапкер конкурсқа қатысатын болса, өзінің квота шеңберінде және жалпы конкурс бойынша да грант конкурсына қатысу мүмкіндігі бар.
Жыл сайын министрлік мемлекеттік білім беру тапсырысын қалыптастыру барысында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі ұсынған ақпаратқа сүйенеді. Яғни, сала-сала бойынша қанша маман қажет екендігі анықталған талдауға сәйкес, министрлік мемлекеттік білім беру тапсырысын қалыптастырады.
Биыл екінші жыл қатарынан сараланған гранттарды бөлу қарастырылып отыр. 2024 жылы алғаш рет 300 сараланған грант бөлінсе, биыл да осы көлемде ұсынылуда. 150 грантты біз педагогикалық мамандықтарға, ал қалған 150 грантты жаратылыстану бағытындағы білім беру бағдараламаларына бөлуді жоспарлап отырмыз. Сараланған гранттың конкурсы негізгі конкурстан кейін бөлек өтеді. Ол үшін қосымша құжат тапсырудың қажеті жоқ. Барлық деректер ұлттық тестілеу орталығының базасында сақталған. Сараланған грант иегерлерінің тізімі қыркүйек айының соңында жарияланады.
Мемлекеттік білім беру гранты ҰБТ нәтижесі бойынша беріледі. Өздеріңізге белгілі, білім беру гранттарын беру қағидаларына сәйкес талапкер өзінің өтінімінде 4 ЖОО және 4 білім беру бағдарламасын көрсетуге құқылы.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді