20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек2024 жылдың қорытындысы бойынша 600 білім беру ұйымында асханалар модернизациядан өтті. Бұл мектептерде 200 мыңнан астам бала білім алады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Модернизация балаларды оқыту мен тәрбиелеу үшін жайлы жағдай жасау, материалдық-техникалық жабдықтауды нығайту, оқу процесінің сапасын арттыру арқылы қала мен ауыл мектептерінің арасындағы алшақтықты азайтуға бағытталған. Бұл бастама Мемлекет басшысының сайлауалды бағдарламасы аясында жүзеге асырылуда.
Мемлекет жыл сайын мектептерді модернизациялауға қаражат бөліп келеді. Мемлекет басшысының тапсырмасымен жыл соңына дейін шағын қалаларда, аудан орталықтарында және ауылдарда орналасқан 1000 мектепті негізгі жеті бағыт бойынша модернизациялау жүргізілуде. Оның ішінде мектептерге ағымдағы және күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, пәндік кабинеттер сатып алынуда, жиһаздары, кітапханалар жаңартылуда, қауіпсіздік жағдайлары жақсартылуда, - деп атап өтті Инфрақұрылымды дамыту департаменті директорының орынбасары Роза Сембаева.
Сонымен қатар биылғы жылдың қыркүйегінен бастап 1,7 млн мектеп оқушысы үшін тегін тамақтандыру ұйымдастырылды. Сапалы тамақтандыруды ұйымдастыру мақсатында Министрлік 7 нормативті-құқықтық актіні қайта қарады. Оның ішінде ас мәзірін өңірде шығарылатын отандық өнімді қосып, әзірлеу жөніндегі норма енгізілді. Бракеражды комиссиялар құрылып, оның құрамына ата-аналар, қоғам белсенділері сондай-ақ мектеп әкімшілігі мен медициналық қызметкерлер кірді. Бракеражды комиссиялар үшін мониторингтік топтардың қызмет тәртібі туралы нормалар заң жүзінде бекітілді.
Атап өту керек, Денсаулық министрлігімен бірлесе отырып, білім беру ұйымдарында балаларды тамақтандыру нормалары қайта қаралып, жаңа тамақтандыру стандарты әзірленді. Ол 2025 жылдан бастап жүзеге асырыла бастайды.
20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?