10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыЕліміздің техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында құжаттарды қабылдау басталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, жаңа оқу жылында мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша 145 мың абитуриент қабылданады деп жоспарлануда. Бұл өткен жылмен салыстырғанда, 10 мың адамға көп.
Мемлекеттік білім беру тапсырысы техникалық, яғни геология, машина құрастыру, энергетика, ІТ, металлургия, көлік және т.б. мамандықтар бойынша көбейтілді.
Сонымен қатар биыл үшінші жыл қатарынан колледж абитуриенттерді жұмысқа орналастыру міндеттемесімен кәсіпорындардың өтінімдері бойынша қабылдауда. Бұл жыл сайын еңбек нарығының сұранысына сай мамандықтарға 10 мың студентті қабылдауға мүмкіндік береді.
Сондай-ақ осы жылдан бастап колледжге квота тізімі кеңейтіліп, арттырылады:
Естеріңізге сала кетейік, абитуриенттер өтінішті колледжге қағаз түрінде және egov.kz порталы арқылы электронды түрде екі жолмен бере алады. Колледжге түсу үшін 9-сынып түлектері 25 маусым мен 18 тамыз, 11-сынып түлектері 25 маусым мен 20 тамыз аралығында құжат тапсыра алады.
10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді