Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыҚазіргі таңда елімізде автомобиль, теміржол, әуе және теңіз салаларын қамтитын бірқатар ірі көлік жобалары жүзеге асырыла бастады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Үкіметтің баспасөз қызметінің мәліметінше, Қазақстан аумағы арқылы жүк тасымалдаудың жалпы көлемі 895 млн тоннаны құрады.
Салаға тартылған инвестиция көлемі 1,6 есеге өсіп, 1,8 трлн теңгеге дейін жетті.
Теміржол көлігі саласында бірнеше ірі мегажоба жүзеге асырыла бастады.
Қарашада Алматы торабын айналып өтетін және Дарбаза – Мақтаарал теміржол желілерінің құрылысы басталды.
Желтоқсанда Бақты – Аягөз теміржол желісінің құрылысы басталды.
Жалпы алдағы үш жылда республикада 1 300 шақырымнан астам жаңа теміржол салынады.
Жөндеу-құрылыс жұмыстары республикалық және жергілікті маңызы бар 10,7 мың шақырым автомобиль жолдарын қамтыды.
Үш ірі жоба аяқталды:
ҮАААЖ;
«Қандыағаш – Мақат»;
«Үшарал – Достық».
Құрылысы ұзаққа созылған 6 жоба бойынша жұмыстар қарқынды жүргізілді.
2024-2030 жылдар аралығында жалпы ұзындығы 9 мың шақырымнан асатын бірқатар басым жол жобаларын жүзеге асыру жоспарланған.
Қазақстанның теңіз инфрақұрылымын дамыту үшін бірқатар маңызды жобалар пысықталуда.
Ақтау портында контейнерлік хаб құру, айлақтарды реконструкциялау, сондай-ақ жүк тиеу жабдықтарын жаңарту жоспарлануда.
Құрық портында Abu Dhabi Ports компаниясымен бірлескен астық терминалы іске қосылды.
Жобалардың барлығын жүзеге асыру Қазақстан теңіз порттарының өткізу қабілетін 10 млн тоннаға арттыруға мүмкіндік береді.
Қазақстандық авиакомпаниялардың әуе кемелері паркі 89-дан 98 бірлікке, ал орын саны 12 мыңнан 15 мыңға дейін өсті.
Жеке инвестиция есебінен 3 жаңа жолаушылар терминалы салынып жатыр.
23 бағыт бойынша 13 елге рейстер ашылып, жаңғыртылды.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді