Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыЕлімізде 2023-2028 жылдар аралығында кәріздік-тазарту жұмыстары жүргізіледі. Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев Үкімет отырысында айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Республика бойынша 89 қаланың 27 қаласында кәріздік-тазарту ғимараттары жоқ. 41 қаладағы кәріздердің 60 %-ы тозған.
«Бүгінде 3 қалада кәріздік-тазарту жұмыстары бойынша жобаларды іске асыру басталып кетті. Атап айтқанда, Сарыағаш, Атырау және Форт-Шевченко қалаларында жұмыс жүріп жатыр. Келесі жылы Ақтау, Ленгер және Шымкент қалаларында 3 жобаны жүзеге асырамыз. Ол үшін қаражат есебі қарастырылды», - деді министр.
Кәріздік-тазарту ғимараттары жоқ 62 қалардағы жұмыс келесі жылдан басталатынын атап өтті.
«Халықаралық қаржы ұйымдарының қарыздарын мемлекеттік кепілмен тарту арқылы халық саны 45 мың адамнан асатын 26 ірі қаладағы кәріздік-тазарту ғимараттарының құрылысына жұмсаймыз. Халық саны 45 мың адамнан аспайтын 36 шағын қаладағы құрылыс республикалық бюджеттен бөлінетін трансферттер есебінен іске асырылатын болады», - деді Қайырбек Өскенбаев.
Мемлекеттік кепілдікпен тартылатын халықаралық қаржы ұйымдарының қарыз қаражаттары 15 жылға дейінгі мерзімге берілетінін атап өтті.
Сондай-ақ, халық саны 45 мың адамнан асатын 26 ірі қаладағы жобаларды іске асыру үшін 403 млрд теңге қаражат кетеді деп жоспарланып отыр.
Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыБүгiн, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?Кеше, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары