Бүгiн, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыСенат депутаттары Қаржы және бюджет комитетінің кеңейтілген отырысында «2023 – 2025 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» заң жобасын талқылады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Отырыста Мемлекет басшысы қойған міндеттерді іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының 2023-2027 жылдарға арналған әлеуметтік- экономикалық даму болжамына 2023 жылға арналған бюджет көрсеткіштері болжамын нақтылау бөлігіне өзгерістер енгізілгені атап өтілді.
Заң жобасында өңірлер мен инфрақұрылымды, энергетика саласын, сондай-ақ ауыл шаруашылығын дамытуға арналған республикалық бюджет шығыстарын 2 трлн теңгеден астам сомаға ұлғайту көзделіп отыр.
Комитет отырысында айтылған ақпарат бойынша қосымша бөлінетін қаражат қолжетімді және сапалы білім беруге, медицина желісін одан әрі дамытуға, цифрландыруды өркендетуге және азаматтардың әлеуметтік қорғалуын арттыруға бағытталатын болады.
Депутаттар кеңейтілген отырыстың қорытындысы бойынша заң жобасын Палатаның қарауына жіберу туралы шешім қабылдады.
Бүгiн, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыКеше, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді