19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?Хорватия мен Испания құрамалары А дивизионында 2022/23 маусымының Ұлттар лигасының финалында кездеседі, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бірінші жартылай финалдық матчта Хорватия қосымша уақытта Нидерланд құрамасын 4:2 есебімен жеңді. Хорваттардан Андрей Крамарич (55-минут, пенальти), Марио Пашалич (72-ші), Бруно Петкович (98-ші) және Лука Модрич (116-минут, пенальти) гол соқты. Нидерланд құрамасында Даниэль Малан (34-ші) және Ноа Ланг (90+6) көзге түсті.
Екінші жартылай финалда Испания құрамасы Италиядан 2:1 есебімен басым түсті. Испания құрамасынан Ереми Пино (3-минут) және Хоселу (88-ші) мергендік танытса, ал итальяндықтар үшін жалғыз голды Чиро Иммобиле соқты (11-минут, пенальти).
Хорватия-Испания финалы 18 маусымнан 19 маусымға қараған түні Роттердамда (Нидерланд) өтеді.
19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары