20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекМәжіліс депутаты Дәулет Мұқаев Ұлттық қордан бөлінген қаржының білімге де, үй алуға да жетпейтінін мәлім етті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Депутат Дәулет Мұқаев бір үйдің балаларына бөлінген қаржыны біріктіріп жұмсау мүмкіндігі туралы сұрақ қойды.
Үйде ағайынды балалар болады. Қазір үлкені 17 жаста делік, сол 3500 долларды 18 жылға есептегенде олар өзінің бір жылдығына шамамен 200 доллар ғана алады. Ал 200 доллар не білімге, не үйге жетпейді. Осындайда менде сұрақ туындайды. Сол ақшаны өзінің артында еріп келе жатқан бауырларына, іні-қарындастарына аудару мүмкіндігі бар ма? Егер болмаса неге сол мәселені қарастырмасқа?, - деді мәжілісмен Мұқаев.
Бұл сұраққа Қаржы вице-министрі Дәурен Темірбеков жауап берді.
Егер де бір отбасында бірнеше бала алатын болса олардың құқығы “Отбасы банкіне” аударылады. “Отбасы банк” 3-4 баланың депозитін біріктіріп, бір мақсатта пайдалана алады. Мақсаты - пәтер алу болса, ондай мүмкіндік қарастырылған , - деді вице-министр.
Мәжіліс депутаты Үнзила Шапақ қаржыны біріктіріп, зейнетақы қорынан ақша алу тәртібі бойынша үй алуға болатынын айтты.
Ол ақша 10 жылға дейін БЖЗҚ-да сақталады. Себебі, ол балалардың бәрі бір жылда 18 жасқа толмайды ғой. Сондықтан кейінгі бауырлары 18 жасқа толғанда ғана ақшалар бір-бірінк қосылады. Бұл тәжірибе бұған дейін қолданылған зейнетақы қорынан ақша алу механизмімен бірдей болады. Бұл заңда көрсетілген, - деп толықтырды Мәжіліс депутаты Үнзила Шапақ.
20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?