29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары
Жыл басынан бері 204 қазақстандық оқушы негізгі пәндер бойынша халықаралық олимпиадаларда медаль жеңіп алды, деп хабарлайды El.kz Оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасап.
Олар математикадан қашықтан өткен халықаралық Азия-Тынық мұхиты олимпиадасы, математикадан халықаралық «Жібек жолы» олимпиадасы, математикадан Балқан олимпиадасы, химиядан оқушылар арасындағы халықаралық Менделеев олимпиадасы, физикадан Азия олимпиадасы (APhO), мамандандырылған мектептердің оқушыларына арналған математика, физика және информатикадан Халықаралық Жәутіков олимпиадасы сияқты беделді құрлықтық олимпиадаларда Қазақстанның намысын қорғады.
«Халықаралық пәндік олимпиадаларға барлығы 500-ден астам қазақстандық оқушы қатысты. Олар 200-ден астам медаль жеңіп алды. Бұл әрбір екінші оқушымыздың медаль жеңіп алғанын білдіреді. Біздің балаларымыз жүзден астам елдің жасөспірімдерімен сынға түсіп, үздік нәтиже көрсетті. Олар ұлттық құрамаға еніп, IMO, IPhO, IBO, IOL, IchO және т.б. басқа да халықаралық олимпиадаларға қатысуға мүмкіндік алады. Қазір балаларымыз ең беделді пәндік олимпиадаларға қатысып жатыр. Оқушыларымыз осы олимпиадаларда жүлделі орындарға ие болса, ақшалай сыйлықтар мен қазақстандық университеттерде оқу үшін гранттарға ие болады», - деді Мектепке дейінгі және орта білім комитетінің төрайымы Гүлмира Кәрімова.
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша дарынды балаларды қолдау мақсатында биыл халықаралық зияткерлік олимпиадалардың жеңімпаздары қазақстандық ЖОО-да білім алу үшін ақшалай сыйлықтар мен гранттарға ие болады. Алтын медаль алған оқушыға 1 500 АЕК, күміс медальға 1 000 АЕК, қола медальға 500 АЕК көлемінде ақшалай сыйлық беріледі. Сонымен қатар оқушыларды байқауға дайындаған ұстаздарға да біржолғы сыйақы төленеді.
29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек