Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыРесейден келген тасқын судың 80 млн текше метрі БҚО облысының Қамыс-Самар көлдеріне жіберілді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бұл көлдерге соңғы 20 жыл бойы су бармаған.
Ведомствоның мәліметінше тасқын суды көлдер жүйесіне жіберу жұмысын жергілікті «Қазсушар» филиалының мамандары жүргізуде. Қамыс-Самар көлдері киіктер мен басқа да жануарлардың көшу жолындағы табиғи суат көзі болып табылады.
БҚО-дағы судың негізгі көзі - Жайық өзені. Аталған өзен арқылы келген тасқын су су ресурстары және ирригация министрлігінің «Қазсушар» мекемесіне тиесілі Жайық-Көшім суару- суландыру жүйесінде жиналады.
Сонымен қатар «Қазсушар» мамандары соңғы жылдары кеуіп қалған Еділсор, Жалтыркөл, Бірқазан, Соркөл, Салтанат және басқа да су айдындарына су жібере бастады. Сондай-ақ Балқаш көліне, Каспий теңізіне су жіберу жұмысы жалғасып жатыр, - деді су ресурстары және ирригация министрлігінің ресми өкілі Мөлдір Әбдуалиева.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді