Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыҮндістанда қайғылы жағдай орын алды — 20 жастағы Пайал Чаван леопард шабуылының құрбаны болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Оқиға кезінде Пайал шөп жинап жүрген. Жыртқыш қызға арқасынан білдірмей келіп шабуылдаған. Леопард оны сүйреп әкетпек болған, бірақ Пайалдың айқайы туыстарының назарын аударған.
Туыстары көмекке жүгіріп келіп, жыртқышты қорқытып қуып жіберген. Леопард қансырап жатқан Пайалды тастап, ну орманға жасырынған. Қатты жараланған қыз жедел түрде ауруханаға жеткізілгенімен, дәрігерлер оның өмірін сақтап қала алмады. Қыз тым көп қан жоғалтқан.
Орман шаруашылығы департаментінің өкілдері бұл өңірде леопардтардың жиі кездесетінін айтады. Аумағы су көздеріне және егістік алқаптарына бай, бұл жыртқыштардың өмір сүруі мен жасырынып жүруіне қолайлы жағдай жасайды.
Қазір орман қызметкерлері оқиға орнына барып, қауіпті аңдарды ұстауға арналған тұзақтар орнатып жатыр. Сонымен қатар, жергілікті тұрғындарға қауіпсіздік шараларын сақтау туралы ескерту жасалды.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді