20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекЦиклон ықпал етіп, атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты 2 шілдеде еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Солтүстікте, шығыста, оңтүстік-шығыста, республиканың орталығында күн күркірейді, нөсер жаңбыр, бұршақ жауады.
«Қазгидромет» РМК мәліметінше, тек еліміздің батысында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Республика бойынша жел күшейеді, оңтүстікте шаңды дауыл соғады, түнде және таңертең солтүстікте және солтүстік-батыста тұман түседі.
Алматы облысында, Павлодар облысының шығысында, батысында, оңтүстігінде, Ұлытау облысының шығысында, солтүстік-батысында, Абай облысының орталығында, батысында, Шығыс Қазақстанның солтүстігінде, Жетісу облысында, Ақмоланың шығысында, Атырау облысының батысында, шығысында, Батыс Қазақстан облыстарында өрт қаупі жоғары.
Түркістан, Қызылорда облыстарында, Ұлытау облысында, Жамбылдың шығысында, Жетісу облысының солтүстігінде, шығысында, Алматы облысының орталығында, Қостанай, Шығыс Қазақстан облыстарының оңтүстігінде және Абай облысында, Атыраудың батысында, оңтүстік-шығысында, Маңғыстаудың батысында, Қарағанды облысының оңтүстігі мен батысында төтенше өрт қаупі сақталады.
Батыс Қазақстан және Атырау облыстарында аптап ыстық болады.
20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?