22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды1998 жылы 2 шілдеде ӘҚК Әскери-әуе күштерін құру туралы директиваға қол қойылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қазақстанның Әскери-әуе күштері – маңызды бағыттарды, аудандар мен объектілерді әуе қарсыласының соққыларынан қорғауға арналған негізгі маневрлік әскер тегі. Олар қазіргі заманғы ұшу аппараттарымен, оның ішінде көпфункционалды жойғыш ұшақтармен, екпінді, көліктік-жауынгерлік тікұшақтармен және әскери-көліктік авиация ұшақтарымен жабдықталған.
Ұшқыштарды жауынгерлік даярлау жүйесі үнемі жетілдіріліп отырады. Бұл ретте қазіргі заманғы қарулы қақтығыстардың тәжірибесі барынша ескеріліп, талданады. Бұл іс жүзінде жеке құрамды ұрыс жүргізудің жаңа әдістері мен тәсілдеріне үйретуге, олардың жауынгерлік даярлық курстары мен бағдарламаларының мазмұнын түзетуге мүмкіндік береді.
Ұшу және инженерлік құрамның, тыл және байланыс мамандарының, авиациялық бөлімдердің азаматтық персоналының күнделікті қажырлы еңбегі қазақстандық авиацияның жауынгерлік әзірлігін арттыруға бағытталған.
Бұл әскер тегіне мамандарды Ақтөбе қаласындағы Кеңес Одағының екі мәрте Батыры Талғат Бигелдинов атындағы Әуе қорғанысы күштерінің әскери институтында дайындайды.
Әскери-әуе күштері ұшу экипаждарының кәсібилігі әртүрлі халықаралық, түраралық жаттығулар мен армия ойындарында бірнеше рет дәлелденді.
Бүгінгі таңда Қазақстан әуе шебін қорғаушылар әскери-әуе күштерінің даңқты дәстүрлерін лайықты түрде жалғастырып келеді. Олар ұшу шеберлігін жетілдіріп, күрделі оқу-жауынгерлік міндеттерді шешуде дайындығы айқын көрсетуде.
22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова30 Сәуір, 23:45
Өзбек боксшыларының осал тұсын таптым І Түнгі 10-да ұйықтап қаламын – боксшы Темірлан Мұқатаев