20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек«Қазгидромет» РМК синоптиктері 19 қаңтарда Қазақстанның басым бөлігінде ауа райына байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қызылорда облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында тұман, көктайғақ.
Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, шығысында кей уақыттарда тұман.
Атырау облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ.
Абай облысының оңтүстігінде тұман.
Ұлытау облысының батысында, солтүстігінде жаяу бұрқасын. Түнде облыстың оңтүстігінде жаяу бұрқасын, күндіз облыстың оңтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болады. Облыстың оңтүстігінде, шығысында, орталығында кей уақыттарда тұман түседі.
Алматы облысының солтүстік-батысында, оңтүстігінде кей уақытта тұман, жолдарда көктайғақ.
Алматыда кей уақытта тұман.
Солтүстік Қазақстан облысының батысында тұман. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, батысында екпіні 15-20 м/с-ке жетеді.
Ақтөбе облысының оңтүстігінде жаяу бұрқасын, көктайғақ.
Шығыс Қазақстан облысында бұрқасын. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде тұман түседі.
Түркістан облысының солтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман, көктайғақ. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың тау асуларында күші - 15-20 м/с.
Шымкентте түнде және таңертең тұман түседі.
Қостанай облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын, көктайғақ. Облыстың солтүстігінде, батысында тұман түседі.
Батыс Қазақстан облысында тұман, көктайғақ.
Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде, орталығында тұман, көктайғақ.
Жетісу облысының солтүстігінде, орталығында тұман.
Ақмола облысының батысында, оңтүстігінде жаяу бұрқасын.
20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?