30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тарттыЕлордада 18 жасқа толған 26 мыңнан астам жас алғаш рет республикалық референдумға қатысып, дауыс берді. Бұл туралы елорда әкімдігіне сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Елордадағы ЖОО-лардың бірінің студенті бүгін осындай маңызды іс-шараға алғаш рет қатысып қана қоймай, өзінің 18 жасқа толған күнін атап өтіп отыр.
Бүгінде Астана учаскелерінде өзінің азаматтық ұстанымын білдіруге келген жастардың саны айтарлықтай көп.
Астанада сайлау учаскелері таңғы уақыттан бастап жұмыс істей бастады. Барлық учаскеде елорда тұрғындарының белсенділігі байқалады.
Астанада таңертеңгі сағат 7-ден бастап 460 учаске жұмыс істейді, оның 352-сі – ашық, 34-і – жабық, 74-і дипломатиялық өкілдіктер мен елшіліктерге бөлінген.
Естеріңізге сала кетейік, Астана тұрғындары өздерінің учаскелерін 4 тәсілмен онлайн біле алады:
- Ресми веб-қызмет: https://referendum.astana.kz/
- Telegram-да чат-бот арқылы: https://t.me/referendum_astana_bot
- IKomek бірыңғай байланыс орталығы арқылы, 109 нөмірі бойынша;
- «Smart Astana» мобильді қосымшасында «New» бөлімінде – «Референдум учаскесін іздеу».
Қолданбаны App Store немесе Google Play арқылы жүктеп алуға болады.
30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты29 Шілде, 13:10
Жаңа пандемия кез келген уақытта басталуы мүмкін: ДДҰ не дейді?27 Шілде, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізеді24 Шілде, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды