20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек"Қазгидромет" қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясын жариялады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Оңтүстік циклон және онымен байланысты атмосфералық фронтальды бөлімдердің әсерінен еліміздің басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады.
Еліміздің барлық өңірінде найзағай аралас жаңбыр жауады.
Қазақстанның батысында, оңтүстігінде және орталығында бұршақ жаууы ықтимал.
Республика бойынша жел күшейеді, Жамбыл облысында түнде және таңертең таулы аудандарында тұман күтілуде.
"Жамбыл облысының түнде солтүстігінде, оңтүстік-батысында, таулы аудандарында, күндіз шығысында, таулы аудандарында, Ақмола облысының батысында, оңтүстігінде, Түркістан облысының таулы аудандарында, түнде Ақтөбе облысының солтүстік-шығысында, Қостанай облысының оңтүстігінде, орталығында, күндіз Алматы облысының батысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында, Маңғыстау облысының орталығында, түнде Қарағанды облысының батысында қатты жаңбыр күтіледі", - делінген хабарламада.
Түнде Ақмола облысының солтүстігінде топырақ бетінде 2 градус үсік сақталады. Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарының солтүстігінде, Шығыс Қазақстан облысының шығысында 1-3 градус үсік күтіледі.
Қызылорда облысында, Түркістан облысының солтүстігінде, шығысында, Ақтөбе, Ұлытау облысында, Алматы облысының солтүстік-батысында төтенше өрт қауіпі сақталады.
20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?