30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тарттыҚазақстандықтарды Оңтүстік Кореяға ресми түрде жұмысқа орналастыруға арналған Employment Permit System (EPS) жүйесі бойынша іріктеу тәртібі белгілі болды.Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, практикалық іріктеу Алматы қаласында EPS орталығы ашылғаннан кейін басталады. Мұнда кандидаттардың корей тілін меңгеру деңгейі EPS-TOPIK тесті арқылы анықталып, кәсіби білімі мен дағдылары бағаланады.
Кімдер қатыса алады?
EPS жүйесі арқылы Оңтүстік Кореяға жұмысқа баруға 18-ден 39 жасқа дейінгі Қазақстан азаматтары қатыса алады. Үміткердің сотталмаған болуы, бұған дейін Корея Республикасынан мәжбүрлі түрде шығарылмауы және елге кіруіне тыйым салынбауы қажет. Сондай-ақ Қазақстаннан шетелге шығуына ешқандай шектеу болмауға тиіс.
Кандидаттар белгіленген талаптарға сәйкес балдық жүйе арқылы бағаланады. Іріктеу барысында олардың білімі, еңбек өтілі, кәсіби тәжірибесі мен сертификаттары ескеріледі. Барлық кезеңнен сәтті өткен азаматтар ресми жұмыс іздеушілер тізіміне енгізіледі. Ол үшін үміткердің жарамды төлқұжаты болуы және медициналық тексеруден өтуі міндетті.
Корей тілін білу деңгейі тексеріледі
Кандидаттардың корей тілін қаншалықты меңгергені EPS-TOPIK тесті арқылы анықталады. Бұдан бөлек, олардың кәсіби білімі мен практикалық дағдылары бағаланады. Үміткердің жеке мәліметінде білімі, кәсіби тәжірибесі, сертификаттары, тестілеу нәтижелері және қандай жұмысқа орналасқысы келетіні туралы ақпарат көрсетіледі.
Осы мәліметтердің негізінде корейлік жұмыс берушілер белгіленген іріктеу кезеңдерінен өткен азаматтардың арасынан өздеріне қажетті қызметкерді таңдай алады.
Тесттен өту жұмысқа орналасуға кепілдік бермейді
Министрлік маңызды жайтқа назар аударды. EPS-TOPIK емтиханынан сәтті өтіп, ресми кандидаттар тізіміне енгізілу Оңтүстік Кореяда автоматты түрде жұмысқа орналасуға кепілдік бермейді. Қызметкерді түпкілікті таңдау құқығы корейлік жұмыс берушіге тиесілі.
Емтиханнан өту және ресми кандидаттар тізіміне енгізілу азаматтың Кореяда автоматты түрде жұмысқа орналасатынын білдірмейді. Кандидаттарды түпкілікті таңдау құқығы корейлік жұмыс берушіге тиесілі. Яғни жұмыс беруші тіркелген кандидаттардың арасынан өзіне қажетті қызметкерді өзі таңдайды, – деп хабарлады Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.
EPS жүйесі бойынша Корея Республикасына жұмысқа қабылданатын Қазақстан азаматтарының саны жыл сайын корей тарапы айқындайтын квотаға сәйкес белгіленеді.
Еңбек шарты қалай жасалады?
Жұмыс беруші кандидатты таңдағаннан кейін оған еңбек шартын ұсынады. Құжатқа қол қоймас бұрын қызметкерге атқаратын жұмысы, жұмыс уақыты, еңбек жағдайлары және басқа да маңызды талаптар түсіндіріледі. Екі тарап қол қойғаннан кейін еңбек шартының түпнұсқасы қызметкерге беріледі.
Оңтүстік Кореяға аттанар алдында жұмысшылар үшін міндетті дайындық қарастырылған. Ол Алматы қаласындағы EPS орталығында өткізіледі. Дайындық аяқталып, жұмыс визасы рәсімделгеннен кейін азамат Кореядағы жұмыс орнына аттанады.
Кореяда қанша уақыт жұмыс істеуге болады?
EPS жүйесі бойынша жұмыс істеу мерзімі үш жылға дейін болуы мүмкін. Заңнамада көзделген жағдайларда бұл мерзімді тағы бір жыл он айға дейін ұзартуға болады. Белгіленген жұмыс мерзімін толық аяқтап, Қазақстанға өз еркімен қайтып келген жұмысшыларға Корея Республикасына кейін қайта бару үшін неғұрлым қолайлы жағдайлар қарастырылған.
Министрлік делдалдардан сақ болуға шақырды
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Кореяда жұмыс істеуді жоспарлап отырған қазақстандықтарға тек мемлекеттік органдар мен уәкілетті ұйымдардың ресми ақпаратын пайдалануды ескертті.
Азаматтарға «жұмысқа міндетті түрде орналастырамыз», «іріктеуден жедел өткіземіз» немесе «белгіленген тәртіптен тыс кандидаттар тізіміне енгіземіз» деп уәде беретін жеке делдалдарға құжаттары мен ақшасын бермеу ұсынылады.
Бірде-бір жеке делдал азаматқа Кореяда жұмысқа орналасуға кепілдік бере алмайды. Себебі кандидаттарды түпкілікті таңдауды корейлік жұмыс беруші жүзеге асырады, – деп ескертті министрлік.
Тіркеудің нақты қашан басталатыны, құжаттарды тапсыру тәртібі, EPS-TOPIK тестін өткізу мерзімі мен тәртібі, сондай-ақ іріктеудің басқа да кезеңдері туралы ақпарат Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ресми ресурстарында қосымша жарияланады.
30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты29 Шілде, 13:10
Жаңа пандемия кез келген уақытта басталуы мүмкін: ДДҰ не дейді?27 Шілде, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізеді24 Шілде, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды