13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңызЕл аумағының басым бөлігіне, әліде атмосфералық фронтальды бөлімдер әсер етеді, осыған байланысты тұрақсыз ауа райы сақталады, найзағаймен жаңбыр жауады, сондай-ақ бұршақ, дауыл болады, деп хабарлайды El.kz Қазгидрометке сілтеме жасап.
Еліміздің солтүстігінде, оңтүстігінде көбінесе жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республика бойынша желдің күшеюі, оңтүстікте шаңды дауыл күтіледі.
Шығыста, Алматы облысының таулы аудандарында желдің күші 15-20, облыстың шығысында екпіні 25 м/с күшеюі күтіледі. Күндіз Жамбыл облысының таулы аудандарында бұршақ, дауыл, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығыында, таулы аудандарында желдің 15-20 м/с күшеюі күтіледі.
Маңғыстау облысының солтүстік-батысында бұршақ жаууы ықтимал, облыстың оңтүстік-батысында желдің 15-20 м/с күшеюі күтіледі. Түркістан облысының таулы аудандарында дауыл, облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында жел 15-20 м/с күшейіп, күндіз облыстың солтүстігінде шаңды дауыл күтіледі.
Күндіз Қызылорда облысының шығысында, Павлодар облысының солтүстігінде, шығысында, Қостанай облысының солтүстік-шығысында, Солтүстік Қазақстан облысының шығысында, Батыс Қазақстан облысының оңтүстік-батысында желдің 15-20 м/с күшеюі күтіледі. Шығыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстік-шығысында желдің 15-20 м/с күшеюі күтіледі.
Күндіз Қызылорда облысында қатты ыстық күтіледі. Қызылорда, Шығыс Қазақстан, Алматы облыстарының батысында, Ақтөбе облысының оңтүстігінде, шығысында, Атырау облысының оңтүстігінде, Қарағанды облысының батысында, шығысында, Түркістан облысының оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады, Жамбыл облысының орталығында төтенше өрт қаупі күтіледі.
13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?10 Қыркүйек, 12:44
«Маугли қыз»: 17 жастағы қырғыз қызының ерекше қабілеті көпшілікті таңғалдырды