Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады«Түркістан – Абу-Даби» әуе бағытында ұшақ билеттері сатылымға шықты деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Біріккен Араб Әмірліктерінің «Wizz Air Abu Dhabi» авиакомпаниясы 2024 жылдың 16 қаңтарынан бастап «Түркістан – Абу-Даби» бағытында әуе рейстерін бастауды жоспарлап отыр. Рейстер аптасына 3 рет — сейсенбі, бейсенбі, сенбі күндері заманауи «AirBus 321» ұшақтарымен орындалатын болады. Жолақысы бір бағытта - 20 мың теңгеден басталмақ.
Билетті «wizzair.com» ресми сайтынан, мобильді қосымша немесе авиабилеттерді онлайн сату сервистерінен алуға мүмкіндік бар. Жолаушылар рейсті ұшу уақытынан 3 сағат бұрын ешқандай комиссиясыз өзгерте алады. Аталған бағытта ұшу уақыты - 3 сағат.
Жаңа бағыт қос қала тұрғындары мен қонақтары үшін туристік мүмкіндіктерді кеңейтеді.
Айта кетейік, қазіргі таңда Түркістан халықаралық әуежайы Стамбул және Эль-Кувейт және еліміздің Астана, Алматы, Ақтау, Ақтөбе, Орал және Қарағанды әуе бағыттарына қызмет көрсетіп келеді.
Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?18 Қазан, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары