Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы27 қыркүйекте Алматыда 60-тан астам елден 16 мың қатысушыны жинаған 15-ші мерейтойлық Almaty Marathon өтті. Марафонды ұйымдастыратын «Бірінші болуға батылдық» корпоративтік қорының іс-шараларында қалдықтарды бөлек жинау 2019 жылдан бері жүзеге асырылып келеді, деп жазады El.kz интернет порталы.
Қайта өңдеуге жарамды қалдықтар іс-шараның бірнеше кезеңінде – старттық жиынтықтарды тарату кезінде, марафон бағытының бойында және мәреге жету аймағында жиналды.
2026 жылдың басынан бері қор ұйымдастыратын іс-шараларда PET 1 пластиктен жасалған стақандар қолданылады. Бұған дейін пайдаланылған стақандардан айырмашылығы, оларды бөлек жинап, қайта өңдеуге жіберуге болады.
Марафон кезінде волонтерлер пластик бөтелкелер мен стақандарды жинады. Одан кейін қайта өңдеуге жарамды қалдықтар сұрыпталып, өлшенді. Дайындалған шикізат кейін қайта өңдеуге жіберіледі.
Қалдықтарды бөлек жинау процесінің іс жүзінде қалай ұйымдастырылатыны марафоннан түсірілген бейнежазбада көрсетілді.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді