29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыҚазақстанның Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Зүлфия Сүлейменова Орталық коммуникациялар қызметінде өткен конференцияда артық қалдықтарды рұқсатсыз орналастыру орындары туралы айтты El.kz сайты Baq.kz-ке сілтеме жасап.
2018 жылдан бері Экология министрлігі «Қазақстан ғарыш сапары» компаниясымен бірігіп жұмыс істейді. Біз қалдықтарды орналастыру орындарының ғарыштық мониторингін елді мекендер аумағында мамырдан қыркүйектің соңына дейін жүргіземіз, – деді ол.
Сондай-ақ вице-министр артық қалдықтарды рұқсатсыз орналастыру орындары бойынша былтырғы деректермен бөлісіп, мұндай орындар ең көп табылған облыстарды атады.
2021 жылы 7 мыңнан артық қалдықтарды рұқсатсыз орналастыру орындары анықталды. Олардың 89 пайызы жойылды. Қалдықтарды рұқсатсыз орналастыру орындары ең көп табылған аймақтар: Қарағанды, Ақмола, Шығыс Қазақстан облыстары. Маңғыстау облысында қалдық орындарын жою жұмысы әлсіз жүргізілді. Мұндай орындардың тек 59 пайызы жойылды, – деді Зүлфия Сүлейменова.
Өкініштісі, биылғы мамырдан басталған ғарыштық мониторинг нәтижесінде, 1500 қалдықтарды рұқсатсыз орналастыру орындары анықталып отыр. Ендігі кезекте оларды жою кестесі жасалатын болады.
29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек