Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыРесей астанасында қайғылы оқиға орын алды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
15 жастағы мектеп оқушысы өз әкесін пышақтап өлтірді. Қайғылы жағдай таңертең, отбасы мүшелері арасындағы жанжал кезінде болған.
Оқиға туралы SHOT басылымы хабарлады. Көз жұмған ер адам — 41 жастағы Роман З. Таңғы уақытта ол екі қызымен қатты ұрысып қалған. Сол кезде кенже қызы 15 жастағы Алиса оған бірнеше рет пышақ сұғып алған. Зардап шеккен ер адам оқиға орнында көз жұмды. Қылмыс кезінде пәтерде Алисаның 20 жастағы әпкесі де болған.
Тергеу мәліметіне сәйкес, Роман З. бұған дейін шартты түрде сотты болған. Ол есірткі тарату және билік өкіліне күш қолдану бойынша жауапқа тартылған. Сонымен қатар, оның несиелік қарыздары да болған. Осыған байланысты сот орындаушылары тарапынан өндіріс ісі ашылған.
Алиса №1981 Мәскеу мектебінде оқиды. Қазір оқиға орнында тергеушілер жұмыс істеуде. Қылмыстық іс Мәскеу қалалық Тергеу комитеті мен прокуратурасының бақылауында.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді