28 Қыркүйек, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдарЕлімізде 40 АЕК немесе 147 мың теңгеден, 3 айдан астам өтелмеген қарызы барларға жол жүру шектеледі, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бас прокуратураның, Әділет және Денсаулық сақтау министрліктерінің, Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің, Жеке сот орындаушыларының республикалық палатасының өкілдері қатысқан жиында осы мәселені талқылады.
Әдетте, 147 мың теңгеден (40 АЕК) 3 айдан астам өтелмеген қарызы барларға жол жүру шектеледі. Шетелге шығуға шектеулердің тоқтатылуының жалғыз себебі - шетелде емделу қажеттілігі. Алайда талдау нәтижелері көрсеткендей, биылғы 10 ай ішінде сотқа жіберілген 1 768 қаулының 867-сі немесе әрбір екіншісіне санкция беруден бас тартылған. Рұқсат беруден бас тарту шетелде емделу қажеттілігі туралы дәлелдердің болмауына және өз елінде емделу мүмкіндігінің болуына байланысты, - делінген хабарламада.
Деректерге сүйенсек, көбіне қарызы бар қазақстандықтар шетелге шығу үшін елімізде сәтті емделетін (остеохондроз, гастрит, артрит, пульпит және т.б.) ауруларын сылтау еткен.
Сот орындаушылары заңда көзделмеген негіздер бойынша (қызметтік іссапарлар, жарыстарға қатысу, жақын туыстарын жерлеу және т.б.) жол жүруге уақытша шектеулерді тоқтату туралы қаулылар шығару жағдайларына жол берген.
28 Қыркүйек, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдар13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?