Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыАқтауда 14 жылдан бері марқұм әпкесінің жалғыз ұлын іздеген әйел армандаған сәтіне жетті, ол әскери борышын өтеп жүрген інісімен қауышты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Көптен күткен кездесу Маңғыстау облысындағы 25744 әскери бөлімінде өтті.
Ақтау гарнизонының мәліметінше, Эльвира есімді әйел 16 жыл бұрын әпкесінен айырылып, жиенін жоғалтып алған. Әпкесінің артында қалған екі жасар Асхат есімді ұлын әкесі өзімен бірге алып, Қазақстанға көшіп кеткен. Кейін ол жаңа отбасы құрды. Ал Асхаттың тәрбиесімен оның атасы мен әжесі айналысты.
Асхат қазір Маңғыстау облысында 25744 әскери бөлімінде борышын өтеп жүр. Бірнеше ай бойы бөлім командирі, командирдің тәрбие және идеологиялық жұмыс жөніндегі орынбасары, психолог және солдат аналар комитетінің өкілдері Асхатты туған тәтесімен кездесуге психологиялық тұрғыдан дайындады. Осы уақытта Эльвира жиенімен телефон арқылы байланыста болды.
Эльвира жылдар бойы жиенін табуға деген үмітін үзбеген. Ақыры ол Асхаттың Маңғыстау облысында әскери қызметте жүргенін білген соң, дереу солдат аналар комитетінің өкілі Гүлмира Жанысбаевадан көмек сұрады. Комитеттің қолдауымен көптен күткен кездесу сәтті өтті.
Көптен күткен кездесу 25744 әскери бөлімінде өтті. Эльвира мен Асхаттың қайта қауышуы — отбасы құндылықтарының маңыздылығын және туыстық байланыстың мызғымас екенін дәлелдейтін оқиға.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді