19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?Таиланд астанасы Бангкоктағы Сиам Парагон сауда орталығында атыс болып, үш адам қаза тапты. Тағы төрт адам зардап шекті, оның ішінде шетелдік азамат та бар, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
BBC-дің хабарлауынша, шабуыл жасады деген күдікпен 14 жастағы жасөспірім ұсталып, полицияға тапсырылды. Ол тапаншамен оқ жаудырған деген болжам бар, деп жазады. Шабуылдың себебі әзірге анықталған жоқ.Таиланд премьер-министрі жағдайдың бақылауда екенін айтты.
Бұған дейін әлеуметтік желіде сауда орталығынан адамдар қашып шыққан видеолар тарады. Сауда орталығы тез эвакуацияланып, жабылды.
Таиландта жаппай оқ ату сирек кездеседі, бірақ аймақтағы басқа елдермен салыстырғанда бұл елде атыс қаруын ұстап жүретіндер көп.
Өткен жылдың қазан айында бұрынғы полицей Таиландтың солтүстік-шығысындағы Нонг Буа Лампху провинциясындағы балалар орталығында тапанша және пышақпен кем дегенде 37 адамды өлтірген болатын, олардың көпшілігі балалар.
2020 жылы Накхонтрачасима қаласында бір сарбаз 29 адамды өлтіріп, ондаған адамды жаралады.
19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары