Кеше, 17:11
«Мәңгілік жасайтын өлең – шындықпен жазылған өлең»: ел сүйген «Бала Жамбыл» қайда жүр?Қазақстандық таеквондошылар Астанадағы Kazakhstan Open турнирінің алғашқы күнінде 13 медаль жеңіп алды.
Астанада таеквондодан Kazakhstan Open халықаралық рейтингтік турнирінің алғашқы жарыс күні өтті. Жарыс қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы 13 медаль жеңіп алды: 3 алтын, 3 күміс және 7 қола. Сондай-ақ ұлттық құрама ересектер арасындағы жалпыкомандалық есепте екінші орын иеленді.
Аренадағы қолдау ерекше
Самирхон Абабакиров (-68 кг), Батырхан Төлеуғали (-87 кг) және Бейбарыс Қаблан (+87 кг) турнир жеңімпазы атанды. Күміс жүлдені Жавохирхон Исламов (-58 кг), Нұрай Бауыржанова (-49 кг) және Нодира Ахмедова (-53 кг) жеңіп алды. Қола медальді Баходир Шапулатов (-54 кг), Мерген Ганиев (-80 кг), Нұрқанат Қожахмет (-87 кг), Рита Бакишева (-49 кг), Аружан Әбдіқадыр (-53 кг), Тоғжан Қазнабек (-57 кг) және Айша Әділбекқызы (-62 кг) иеленді.
Осы бәсекеде өзіме жоғары талап қойып, қалайда алтын алуды ойладым. Өйткені соңғы екі жарыста ұтылып қалдым. Аға бапкерім мен ата анам үлкен қолдау білдірді. Өз жерімізде өтіп жатқан жарыста ұтылуға әсте жол жоқ. Жанкүйерлердің қолдауы сондай әсер етті. Аренадағы «Алға, Батырхан» деп маған сенген жанкүйерлерді көргенде шаршағанымды ұмытып, қайта өзімді еркін сезініп, ашыла түстім, – дейді Батырхан Төлеуғали.
Ересектер арасындағы командалық есепте Қазақстан құрамасы екінші орынға тұрақтады. Түркия құрамасы 5 алтын, 1 күміс және 10 қола медальмен бірінші орын алса, Өзбекстан құрамасы 2 алтын, 4 күміс және 1 қола медальмен үздік үштікті түйіндеді.
Айта кетейік, турнир Астанада World Taekwondo ұйымының ресми күнтізбесі аясында өтіп жатыр. Kazakhstan Open — G-1 санатындағы рейтингтік жарыс. Мұнда спортшылар әлемдік рейтингке қажетті ұпай жинайды. 26–27 маусым күндері жарысты жасөспірімдер мен жастар жалғастырады.
Бүгін кімдер өнер көрсетеді?
Турнир 27 маусымға дейін жалғасады. Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайына кіру тегін. Байрақты бәсекеде бүгін жастар өнер көрсетеді. Арасында әлемді бағындырып жүрген саңлақтар бар.
44 келіге дейінгі салмақта Айым Серікбаева татамиге шығады. Ерлерден -48 келіде Юсуф Анвар-Әлиев бар. Буняд Бахрамқұлов (-55 кг) мен Алидар Абдукаримов та (-68 кг) сақадай сай. Хусан Жалолитдинов пен Баходир Еркіновке (-55 кг) ел сенім артып отыр.
Кеше, 17:11
«Мәңгілік жасайтын өлең – шындықпен жазылған өлең»: ел сүйген «Бала Жамбыл» қайда жүр?23 Маусым, 16:14
Жазда шаш үлгісіне сән беретін ерекше әшекейлер18 Маусым, 13:40
ӘЧ-дегі алғашқы гол: Аббосбек Файзуллаев туралы не білеміз?14 Маусым, 21:04
Президент ат қойған Ақниет пен Бөрте туралы не білеміз?