7 Шілде, 12:44
Шикі сүт ішеді, етті жақсы көреді: Норвегия қаһарманына айналған Эрлинг Холанн кім?Қазақстанның 1223 елді мекені су тасқыны қаупі бар аймақта орналасқан. Бұл туралы төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов Сенаттағы үкімет сағатында мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Төтенше жағдайлар министрлігі жергілікті билік өкілдерімен және басқа да мемлекеттік органдармен бірлесіп, аталған аймақтардың инфрақұрылымын тасқынға дайындау жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Мәселен, елді мекендерді қорғау мақсатында 576 шақырым қорғаныс бөгеттері салынды және нығайтылды. 164 шақырым дренаждық жүйе жөнделіп, жаңадан салынды, автожолдар мен теміржолдардың астына 960 су өткізу құрылысы орнатылды және ауыстырылды, 658 шақырым канал мен арық салынды. Қауіпті учаскелерде орналасқан 74 өзенде 300 шақырымнан астам түп тереңдету және жағалауды бекіту жұмыстары жүргізілді. Елді мекендердің ішінде нөсер және дренаждық жүйелердің құрылысы мен жөндеу жұмыстары жалғасуда, – деді министр Әрінов.
Министрлік жанынан бұл жұмыстарды қадағалайтын Төтенше жағдайлардың алдын алу комитеті құрылды. Сондай-ақ стратегиялық жоспарлау мен жедел басқарудың командалық орталығы ашылды. Ол жаңа TASQYN су тасқынын болжау және модельдеу жүйесімен жұмыс істейтін болады. Әріновтің айтуынша, бұл жүйе өзендердегі су деңгейі мен ағын мөлшерін қысқа және ұзақ мерзімге болжай алады.
Айта кету керек, су тасқынын модельдеу нәтижелерінің дәлдігі мен сенімділігі "Қазгидрометтің" болжамына, су қоймаларынан су жіберу жөніндегі "Қазсушар" ұсынған мәліметтерге, сондай-ақ жер бедерінің цифрлық моделі мен батиметрия туралы өзекті деректерге байланысты болады, – деді министр.
7 Шілде, 12:44
Шикі сүт ішеді, етті жақсы көреді: Норвегия қаһарманына айналған Эрлинг Холанн кім?7 Шілде, 10:00
Миллион жазылушы – дайын вице-президент? Қазақстан спортындағы жаңа тренд2 Шілде, 09:05
Қазақстанда кино суретшісінің еңбегі әлі де толық бағаланбайды – Бекен Нарбай1 Шілде, 17:41
Алакөлден Ыстамбұлға дейін: жазғы демалысқа қайда баруға болады?