Кеше, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһарыМедеу ауданының прокуратурасы Алматы қаласының 12 жасар оқушысына азғындық әрекеттер жасаған Түркістан облысының тұрғынына қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Тергеу барысында ер адам Астанада болған кезде Telegram мессенджері арқылы Алматы гимназияларының бірінде оқитын 6 сынып оқушы қызбен танысқаны анықталды.
Кейіннен, бейнебайланыс барысында зорлық-зомбылық қолданусыз, ол жыныстық сипаттағы жол берілмейтін әрекеттер байқалатын әдепсіз сипаттағы іс-әрекеттер жасаған.
Алматы қаласының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты айыпталушыны Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 124-бабы 1-бөлігі бойынша кінәлі деп тапты.
Оған 7 жылға бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалып, қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіз мекемесінде өтеу белгіленді.
Үкім заңды күшіне енді.
Кеше, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһарыКеше, 11:03
Дәрігерлерді қорғаудың жаңа жолы: Қазақстанда кімдерге 13 млн теңге төленеді14 Қазан, 18:14
АПВ-ға қарсы вакцина жүктілікке қалай әсер етеді? Ғалымдар зерттеу нәтижесін жариялады13 Қазан, 12:09
Албанияда бұлтқа ұқсайтын ерекше ғимарат салынады