Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыДоминикан Республикасында электр желісіндегі ірі апаттың салдарынан ел бойынша жарық толық өшіп қалды. Тәртіпті сақтау үшін ұлттық полиция күшейтілген режимде жұмыс істеуде, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Жергілікті уақытпен 11 қараша сағат 19:00-де (Астана уақытымен 12 қараша таңғы 03:00-де) елдегі электр энергиясын беру тек 30 пайыз көлемінде ғана қайта қалпына келтірілген.
Мемлекеттік энергетикалық компания ETED таратқан мәліметке сәйкес, елдің шығыс бөлігіндегі екі ірі электр станциясында болған апат елді жарықсыз қалдырған негізгі себеп болған.
Доминикан Республикасының ұлттық полициясы X (бұрынғы Twitter) әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету мақсатында арнайы бөлімшелерді іске қосқандарын мәлімдеді.
Қазір энергетикалық қызметтер электрмен қамтуды толық қалпына келтіру жұмыстарын жалғастырып жатыр.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді