Бүгiн, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүрМаңғыстау жастарының әлеуетін арттыруға бағытталған «Жарқын Болашақ» бағдарламасының қатысушылары Жаңаөзен қаласының тұрғындарына арнап салтанатты концерт ұйымдастырды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Іс-шара маңғыстаулықтарға бағдарламаның мақсатын таныстырып, екі жылғы жұмыс нәтижесін көрсетуге бағытталды.
Бағдарламаға 12-22 жас аралығындағы Жаңаөзен қаласы мен Маңғыстау, Түпқараған, Қарақия, Мұнайлы, Бейнеу аудандарының жастары қатыса алады. Жастар Қазақстанның үздік оқу орындарында тегін білім алып, жатақханамен қамтылады. Сонымен қатар жоғарылатылған шәкіртақыға және белгіленген мөлшерде жол шығындарын өтейтін ақыға ие бола алады. Бұдан бөлек грант иегерлеріне менторлық және психологиялық қолдау көрсетіледі.
Мен Солтүстік Қазақстан жоғары кәсіби-педагогикалық колледжінің екінші курсында «жол қозғалысын ұйымдастыру» мамандығы бойынша білім алып жатырмын. Тегін білім мен шәкіртақыдан бөлек, бағдарлама өмірімді түбегейлі өзгертуге мүмкіндік берді. Білімімді жетілдіріп қана қоймай, өзімді спортта, өнерде және дебатта байқап көрдім. Алдағы уақытта білікті маман болып, еліме қызмет еткім келеді, — дейді грант иегері Ақтай Халдавлетов.
Бағдарлама аясында маңғыстаулық жастар Астана, Алматы, Қарағанды, Қостанай, Тараз, Семей, Көкшетау, Өскемен және Петропавл қалаларында орналасқан еліміздің үздік мектептері мен колледжерінде білім ала алады. Қатысушыларға 100-ге жуық техникалық және гуманитарлық мамандықтар ұсынылған, олардың қатарында ІТ, медицина, педагогика, туризм сияқты салалар бар.
Менің екі балам осы бағдарлама бойынша грантта білім алып жатыр. Бағдарлама бізге үлкен қолдау болды. Баламның біліміне ғана емес, тұлға ретінде дамуына да ерекше мән беретін осындай бағдарлама бары шын қуантады. Балаларымыздың таланты мен еңбегін көрсеткен концерт үшін де алғысымды білдіргім келеді, — деп бағдарлама қатысушыларының анасы Айсұлу Рахымжанқызы.
Мәдени шара барысында Жаңаөзен тұрғындары қызықтырған сұрақтарына жауап ала алды. Бағдарлама аясында қатысушыларды іріктеу көктемде басталмақ. Өтінімдер zharqynbolashaq.kz сайты арқылы қабылданады.
Бүгiн, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүр22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова