20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек"Қазгидромет" РМК Қазақстан аймақтарында 2024 жылғы 11 қыркүйекте болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясын жариялады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қазақстан аумағының басым бөлігі жауын-шашынсыз ауа райын анықтайтын антициклонның ықпалында болатынына қарамастан, атмосфералық фронтальды бөлімдер де елдің ауа райына әсер ететін болады - жекелеген аудандарда жаңбыр жауады, оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында түнгі және таңертеңгі сағаттарда жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын болады.Қазақстан бойынша түнгі және таңертеңгі сағаттарда тұман, Қазақстанның батысында, шығысында, оңтүстік-шығысында жел күшейеді деп күтілуде.
Ұлытау облысында, Жетісу облысының батысында, Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, солтүстік шығысында, Қызылорда облысының солтүстік-шығысында, Ақтөбе облысының оңтүстігінде, батысында, орталығында, Алматы облысының батысында, солтүстігінде, Жамбыл облысының оңтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында, Қарағанды облысының батысында, шығысында, орталығында, Шығыс Қазақстан облысының батысында, Қостанай облысының оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.
Қызылорда, Түркістан, Жамбыл, Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстарында, Ұлытау облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, Абай облысының батысында, солтүстік-батысында, оңтүстігінде, Жетісу облысының солтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады, Қарағанды облысының шығысында, Алматы облысының орталығында күтіледі.
20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?