20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекҚазгидромет 10 қаңтарда бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Жетісу облысында қалың қар жауады. Облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарда тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын соғады.
Батыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында, шығысында 35 градус қатты аяз болады.
Атырау облысының солтүстігінде 30 градус аяз күтіледі.
Қарағанды облысының солтүстігінде 35-36 градус қатты аяз болады.
Түркістан облысының оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында қатты қар күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, тау бөктерлі аудандарында тұман, көктайғақ болады. Облыстың таулы аудандарында бұрқасын соғады.
Шымкент қаласында қалың қар, тұман, көктайғақ болады.
Қостанай облысының шығысында 40 градус қатты аяз күтіледі.
Алматы облысының оңтүстігінде, таулы және тау етегіндегі аудандарда қатты қар жауады. Облыстың оңтүстігінде, таулы және тау етегіндегі аудандарда тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын соғады.
Алматы қаласында 10 қаңтарда таңертең және күндіз кей уақытта қатты қар жауады. Кей уақытта тұман, көктайғақ болжанады.
10-11 қаңтарда Маңғыстау облысында 25 градус аяз күтіледі.
20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?