10 мың қадам жүру міндетті емес пе?

10 мың қадам жүру міндетті емес пе?

Фото: коллаж AI / El.kz

Күніне 10 мың қадам жүру – денсаулықты сақтаудың кең тараған ережелерінің бірі. Алайда жаңа зерттеу адамға тек қанша қадам жүргені емес, оны қандай жылдамдықпен жасағаны да маңызды екенін көрсетті.

Зерттеушілер UK Biobank базасындағы 100 мыңнан астам адамның физикалық белсенділігі туралы мәліметтерді талдаған. Қатысушылар жеті күн бойы білегіне арнайы акселерометр тағып, олардың қозғалысы тіркелген. Кейін ғалымдар денсаулық көрсеткіштерін шамамен сегіз жыл бойы бақылаған.

5 мың қадамның өзі пайдалы болуы мүмкін

Ғалымдар қатысушыларды күнделікті қадам санына қарай бірнеше топқа бөлген:

Нәтижесінде күніне аз қадам жасайтын адамдардың өзі жылдамырақ жүрген жағдайда денсаулыққа байланысты жақсы көрсеткіштерге ие болған.  Маңыздысы, қадам саны мен жылдамдығыңыз сәйкес келуі керек. Күніне жылдам қарқынмен 7,5-10 мың қадам жүретін адамдардың қатарында салыстырмалы түрде өліп қаупі төмен болған.

Зерттеушілердің айтуынша, бұл нәтиже физикалық белсенділікке көп уақыт бөле алмайтын адамдар үшін маңызды болуы мүмкін. Яғни міндетті түрде күн сайын 10 мың қадамды орындауға тырысудың орнына, қадамды ширақ басып, нәтижені сақтауға болады.

10 мың қадам туралы түсінік қайдан шыққан?

Бастапқыда күніне 10 мың қадам жүру туралы кең тараған үрдістің мықты ғылыми негізі болмаған. Мұның  танымал болуына 1960-жылдары Жапонияда сатылған қадам санағыштардың бірі әсер еткен деген дерек бар. Кейін «10 мың қадам» денсаулық пен белсенділіктің шартты символына айналады.

Бірақ аталған зерттеулер денсаулықты жақсарту үшін 10 мың қадам жасаудың міндетті емес екенін көрсетіп отыр. Бұған дейінгі ірі зерттеулер де тәулігіне 7 мың қадам шамасында жүрудің денсаулыққа елеулі пайдасы бар екенін көрсеткен.

Ендеше қалай жүрген дұрыс?

Ғалымдардың жаңа жұмысы «10 мың қадамнан бас тартыңыз» дегенді білдірмейді. Керісінше, қадам санын көбейту де, жүру қарқынын арттыру да пайдалы екенін нұсқайды.

Егер адам күніне 10 мың қадам жүруге мүмкіндігі болмаса, 5–7,5 мың қадамды тұрақты түрде жүріп, оның бір бөлігін ширақ қарқынмен орындайды.

Десе де ғалымдар жүру жылдамдығы өлім қаупін тікелей төмендетеді деп нақты қорытынды жасамайды. Нәтиже жоғары жүру қарқыны мен денсаулық көрсеткіштерінің арасындағы байланысты көрсетеді.

Сондықтан күнделікті серуендеуді әдетке айналдырғысы келетіндер үшін басты мақсат тек телефондағы қадам санын 10 мыңға жеткізу емес. Қозғалысты көбейтіп, мүмкіндік болса жүру қарқынын біртіндеп арттыру маңызды.

Оқи отырыңыз

{