6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерАқпарат беттерінде Ақтауда 10 мың орынға лайықталған жаңа стадион салынатыны туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Бұл ақпаратты Маңғыстау облысының әкімдігі де растап, ресми сайтында тиісті деректерді жария етті. Белгілі болғандай Нұрдәулет Қилыбайдың төрағалығымен Ақтау қаласында салынатын жаңа стадионның тұжырымдамасы талқыланған көрінеді.
Аталған жиында «Қазақ энергетика және байланыс ғылыми-зерттеу жобалау институты» ЖШС өкілдері жобаны таныстырған. Жоспар бойынша Ақтауда 10000 көрерменге арналған көпфункционалды стадион бой көтереді екен. Жаңа спорт нысаны заманауи талаптарға сай салынып, футбол академиясымен жабдықталады. Мұнда спортшыларға қажетті барлық жағдай жасалып, оқу-жаттығу алаңдары, киім ауыстыратын бөлмелер, медициналық пункт пен жаттығу залдары қарастырылмақ.
Сондай-ақ, жобалау жұмыстары келесі жылы толық аяқталып, құрылыс кезеңіне өту жоспарланып отыр.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі