Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКүніне 10 мың қадам жүру – көпшіліктің денсаулық кепілі деп санайтын кең тараған норма. Алайда бұл көрсеткіш ғылыми дәлелденбеген, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Медицина ғылымдарының кандидаты, Пирогов университетінің доценті Ярослав Гуриннің айтуынша, жүрек, ми және зат алмасу жүйесінің дұрыс жұмыс істеуі үшін күніне 7-8 мың қадам жеткілікті.
«10 мың қадам» нормасы алғаш рет 1960-жылдары Жапонияда сатылған manpo-kei атты қадамөлшегіш жарнамасынан шыққан. Аудармасы – «10 мың қадам өлшегіш». Бұл – әдемі жарнамалық идея, бірақ ғылыми негізі жоқ, – дейді маман.
Дәрігердің сөзінше, 7-8 мың қадам – ағзаның негізгі белсенділігін сақтауға жеткілікті «алтын стандарт». Бұдан артық жүрудің пайдасы шамалы, ал ең маңыздысы – жүру қарқыны.
Гуриннің айтуынша, күніне 30 минут қарқынды серуендеу (жүрек соғысы жиілеп, бірақ сөйлей алатындай деңгейде) баяу 10 мың қадамнан да пайдалырақ.
Сонымен қатар ол интенсивті жүру кей адамдарға зиян болуы мүмкін екенін ескертті. Мысалы, жамбас немесе тізе буынында артрозы бар адамдарға мұндай жаттығу қосымша соққы түсіріп, шеміршек тінінің тозуын жылдамдатады.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?