Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыАлдағы күндері Қазақстанда ауа температурасы күрт төмендейді. Ел аумағына суық антициклон жақындап келеді. Кей өңірлерде түнде 10 градусқа дейін аяз болады. «Қазгидромет» мамандары 22-24 қазанға арналған ауа райы болжамын жариялады.
Синоптиктердің мәліметінше, елімізге жаңбыр мен қар әкелген циклонның орнын суық антициклон басады. Алдымен батыс өңірлерде күн суытып, артынша суық ауа елдің өзге аймақтарына таралады.
Солтүстік және шығыс облыстарда түнгі ауа температурасы біртіндеп 0…+5 градустан -5…-10 градусқа дейін төмендейді.
Оңтүстік өңірлерде де күн айтарлықтай суытады. Түнде термометр бағаны -2…-7 градусқа дейін түссе, күндіз ауа температурасы +2…+7 градус шамасында болады.
Алдағы қыс қандай болады?
Бұған дейін «Қазгидромет» мамандары 2026-2027 жылдардың қыс мезгіліне арналған алдын ала болжамын ұсынған болатын.
Синоптиктердің болжамынша, алдағы қыс салыстырмалы түрде жылы өтеді. Алайда кейбір өңірлерде жауын-шашын мөлшері климаттық нормадан жоғары болуы мүмкін.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді