Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыҚазақстанда «Болашақ» бағдарламасымен оқитын студенттердің шәкіртақысы ұлғаюы мүмкін. Бұл туралы Үкіметтегі брифингте Халықаралық бағдарламалар орталығы төрағасының орынбасары Абай Рахмет мәлімдеді.
Оның айтуынша, «болашақтықтардың» шәкіртақысы кейінгі 15 жылдан бері өзгермеген.
Әлем бойынша инфляция өсіп жатыр. Кей жағдайда біздің стипендиаттар шетелге отбасымен бірге барады. Ал кейбір елдерде қазіргі шәкіртақы жеткіліксіз болып жатады. Шәкіртақыны көтеру мәселесі қазір қарастырылып жатыр, нақты шешім келесі жылға қарай белгілі болады деп ойлаймын. Шәкіртақы мөлшері ел мен қалаға байланысты әртүрлі. Мысалы, Нью-Йоркте ол жоғары – шамамен 2,2 мың доллар. Басқа штаттарда төмен, – деді Рахмет.
Сондай-ақ ол шәкіртақыны көбейту үшін қаражат қайдан алынуы мүмкін екенін де айтты.
Нұсқалардың бірі – бөлінетін гранттар санын азайтып, сол үнемделген қаржыны шәкіртақыны арттыруға бағыттау, – деді ол.
Рахметтің сөзінше, шәкіртақыны арттыру шамамен 10-15% аралығында болуы мүмкін.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді