Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекҚХР Сауда министрлігі 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданыста болған көлік ретінде жаңа автомобильді экспорттау процесін қатаң бақылайтынын хабарлады. Бұл туралы Kolesa.kz сайтына сілтеме жасай отырып El.kz интернет порталы хабарлайды.
Келер жылдан бастап Қытайда тіркелгеніне 180 күннен аспаған машинаны шетелге шығарғысы келген компания өндірушіден сервистік қызмет көрсететіні туралы анықтама алады. Өндірушінің ресми мөрі бар құжатта көлік аттанатын ел, автомобиль туралы ақпарат және сервистік қызмет көрсететін орындар көрсетілуі керек. Кәсіпкер аталған құжатты ұсына алмаса, мұндай машинаға экспорт лицензиясы берілмейді.
Жергілікті сауда органдары автомобильді елден шығаруға тыйым салынбағанын, экспорттаушы құжатты қолдан жасамағанын, сатқаннан кейінгі сервис пен қосалқы бөлшек жеткізу мүмкіндігін, кепілдік міндеттемесінен жалтармауын және т.б. қадағалайды. Бұған дейін мұндай заңсыз әрекетке барған фирма қатесін түземейінше лицензия ала алмайды. Түрленген көлік құралының экспортына да бақылау күшейеді.
Қытайда жаңа брендтер жаңбырдан кейінгі саңырауқұлақша қаптап ашылып жатыр. Мұндай «стартаптардың» машинасын сатып алған клиенттер сервис нашар, тіпті мүлде жоқ деп жиі шағымданады. Кейде Қытайдан келген автомобильге қосалқы бөлшек табылмай қалады. Бағдарламалық жасақтаманы тек зауыт жаңартады. Салдарынан иесі қажет деталь немесе жаңа жасақтама тапқанша автомобиль айлап қаңтарылып тұрады. Қытай билігі осы жағдайларға қатысты тәртіп орнатуды көздеп отырған сияқты.
Қазір Қытайдан мынадай автомобильді (жүрген) экспорттауға тыйым салынады:
Шыққан жылы бойынша утилизацияға кетуге тиіс автомобиль (категориясына қарай шыққанына 8 жыл болған және одан асқан), утилизацияға кетуге бір жылдан аз уақыт қалған.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?