Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыЕлімізде көлік нөміріне арналған мемлекеттік баж салығы өсті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Информбюро жаңалықтарына сілтеме жасап.
Салық сомасы 1 миллион теңгеге дейін жеткен.
Биылдан бастап қарапайым нөмірлердің бағасы 10 337 теңге болады. Ал 010, 020, 030, 040, 077, 707 секілді арнайы нөмірлердің ең арзаны 210 444 теңгеден басталады.
Біркелкі сан мен біркелкі әріптен тұратын нөмірлердің құны екі есе, яғни 420 888 теңгеге қымбаттаған. Ал 100, 111, 200, 222, 300, 333 секілді VIP нөмірлер үшін 505 804 теңге салық төлеуге тура келеді. Егер осы сандарды бірдей әріппен алғыңыз келсе, бұл 716 248 теңге тұрады.
Еліміздегі ең қымбат нөмірлерге 001, 002, 003, 777 жатады. Мұндай нөмірлер 1 052 220 теңге тұрады.
Бүгінде көліктің мемлекеттік нөмірлерін онлайн рәсімдеуге болады.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді