Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекҚазақстанда 2024 жылдың басынан бері 4,3 миллионнан астам ауру парағы цифрлық форматқа көшірілді. Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, 2025 жылдың 1 маусымына дейін ең көп сұранысқа ие 8 медициналық анықтама электрондық форматқа толық көшіріледі, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Электронды форматқа көшірілетін құжаттар тізімі:
Электрондық жүйеге көшу азаматтардың уақытын және қаржысын үнемдеуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, жалған анықтамалардың берілу қаупін жояды,– делінген министрлік хабарламасында.
Енді қызметкердің ауру парағы туралы ақпарат оның келісімімен ғана жұмыс берушіге жолданады. Бұрын жұмыс беруші бұл туралы қызметкер жұмысқа шыққаннан кейін ғана білсе, енді мәлімет hr.enbek.kz порталы арқылы алдын ала беріледі.
Қызметкерлер электрондық ауру парағын Enbek HR мобильді қосымшасы арқылыкөре алады және жібере алады. Ал жұмыс берушілер «Жеке іс» модуліарқылы қызметкердің келісімімен ақпарат сұрата алады.
Министрліктің дерегінше, биылғы жылдың басынан бері 749 қызметкер 506 жұмыс берушіге 825 электрондық еңбекке жарамсыздық парағын жіберген.
Қағаз түріндегі анықтамалар мен ауру парақтары 2025 жылдың 1 маусымына дейін жарамды болып қала береді.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?