29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары«ҚазТрансГазАймақ» АҚ-ның Шымкент өндірістік филиалына қатысты тексеру қорытындысы бойынша Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстің 164-бабы 4-бөлігімен 4 хаттама толтырылды. Бұл туралы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитеті мәлім етті, деп хабарлайды El.kz
«Хаттамалар табиғи монополиялар туралы заңнамада белгіленген міндеттерді орындамағаны үшін толтырылды. «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ-ның Шымкент өндірістік филиалы берілген техникалық шарттарға сәйкес құрылыс-монтаждау жұмыстарының аяқталғаны туралы ақпарат алып, заңнамада белгіленген мерзімдерде реттеліп көрсетілетін қызметке қосуды жүзеге асырмады. Бұл – «Табиғи монополиялар туралы» Заңның 24 және 26-баптарын өрескел бұзу», - делінген ведомство ақпаратында.
Әкімшілік істерді Шымкент қаласының Әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты қарады.
Сот шешімімен «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ-ның Шымкент өндірістік филиалына 18 378 000 теңге айыппұл салынды.
29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек