Жаңалықтар

Әмір Омарханов Мадрид Masters турнирінде ойнаған ең жас қазақстандық атанды

Әмір Омарханов Мадрид Masters турнирінде ойнаған ең жас қазақстандық атанды
Фото: olympic.kz 24.04.2024 08:30 416

16 жастағы қазақстандық теннисші Әмір Омарханов Мадрид Masters турнирінде ойнаған ең жас қазақстандық теннисші атанды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Ұйымдастырушылардан арнайы шақырту алған Амир Омарханов іріктеу сайысында өзінен 20 жас үлкен, әлемнің 86-ракеткасы, Испания өкілі Роберто Баутиста-Агутпен шеберлік байқасты.

Жасөспірімдер арасында ITF рейтингісінде 13-орында тұрған қазақстандық жас теннисші бірінші партияда 2:1 есебімен алға шыққанымен, сол қарқынын жалғастыра алмады. Әлемнің бұрынғы 9-ракеткасы тәжірибесі мен шеберлігінің басым екенін көрсетті - 6:2. Ол екінші сетті де 6:1 есебімен ұтты.

Омарханов азулы қарсыласына есе жібергенімен, Masters жарысындағы алғашқы кездесуін өткізді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға