Әмір Маймұратов Олимпиадаға жолдама алды

 t.me/Turizm_jane_sport_ministrligi
Фото: t.me/Turizm_jane_sport_ministrligi

Қазақстандық спортшы Әмір Маймұратов Олимпиада лицензиясын жеңіп алды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Будапештте өткен спорттық құзға өрмелеу бойынша олимпиадалық іріктеу сериясында отандасымыз Әмір Маймұратов финалдық раундта екінші орын алды. Бұл нәтиже оған Парижге жолдама ұтып алуға мүмкіндік сыйлады.

Туризм және спорт министрлігінің мәліметінше, қазақстандық спортшы таяуда ғана 15 метрлік қабырғада Қазақстанның рекордын орнатқан болатын.

Оқи отырыңыз