Жаңалықтар

«AMANAT» партиясы алдағы сайлауға тас-түйін дайын - Ерлан Қошанов

«AMANAT» партиясының Төрағасы мәлімдеме жасады
«AMANAT» партиясы алдағы сайлауға тас-түйін дайын - Ерлан Қошанов
Фото: Amanat 20.01.2023 17:43 1325

«AMANAT» партиясының Төрағасы Ерлан Қошанов Парламент Мәжілісі және мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауына қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі. 

Ол өз сөзінде «AMANAT» партиясы Мемлекет басшысының бұл шешімін толық қолдайтынын мәлімдеп, отандастарымыз алдағы саяси науқанның жүгі мен жауапкершілігін терең сезінуі тиіс екенін жеткізді.

Бұл –  елдегі конституциялық реформалардың заңды жалғасы. Сондықтан, «AMANAT» партиясы Мемлекет басшысының бұл шешімін толық қолдайтынын мәлімдейді. Бұл сайлау – жаңа демократиялық дәстүрлер қалыптастыруға мұрындық болады. Еліміздің әрбір азаматы осы саяси науқанның жүгі мен жауапкершілігін терең сезінуі керек. Себебі, мемлекеттің тәуелсіздігі мен тұрақты дамуы үшін, халқымыздың бейбіт өмірі мен бақуатты тұрмысы үшін бәріміз жауаптымыз» – деп мәлімдеді партия төрағасы.

Сондай-ақ партияның сайлауға дайын екенін атап өтті.

«AMANAT» партиясы алдағы сайлауға тас-түйін дайын. Партия аз уаөыттың ішінде түбегейлі трансформациядан өтті. Қатарымызға мыңдаған жаңа толқын жастар қосылды. Партияның 4 мың бастауыш ұйымы, миллионға жуық мүшесі үздіксіз жұмыс істеуде. Олар өткен жылы жалпыхалықтық референдумда, Президент сайлауында зор белсенділік танытты. Үлкен саяси тәжірибе жинап, әбден шыңдалды. Ең бастысы, біз жалаң ұран, құрғақ уәде емес, нақты істермен айналыстық. Оған - халық куә», - деп айтты Ерлан Қошанов.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға