Жаңалықтар

«AMANAT» партиясы 3000-нан астам агитациялық іс-шара өткізді

«AMANAT» партиясы 3000-нан астам агитациялық іс-шара өткізді
Фото: ortcom.kz 22.02.2023 12:18 1097

Бұл туралы «AMANAT» партиясының атқарушы хатшысы Елнұр Бейсенбаев айтты, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

«AMANAT» партиясының Республикалық сайлауалды штабы үгіт-насихат жұмысы барысымен журналистерді таныстырды. Сайлауалды штабта үгіт және талдау орталығы, медиа штабтың, сенімді өкілдердің жұмысын үйлестіру орталығы, байқаушылар және жастар алаңы жұмыс істейді.

«Барлық облыстық деңгейлерде 3000-нан астам іс-шаралар өтті. 300000-ға жуық азаматтарды қамтыдық. 1 млн-ға жуық агитациялық материалды тараттық. 200 000-ға жуық A3 форматындағы материалдарды жабыстырдық», - деді Аманат партиясының атқарушы хатшысы Елнұр Бейсенбаев.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға