Жаңалықтар

Аманқарағай орманының аман қалғаны аз - әкім

Бүгінде тұрғын үй құрылысына 2,3 млрд теңге қаражат бөлінді.
Аманқарағай орманының аман қалғаны аз - әкім
Фото: ашық дереккөзден 11.09.2022 01:29 1743

Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов өзінің ресми Іnstagram парақшасында өрттің зардабын жою бойынша жұмыстардың жайын жазды, деп хабарлайды EL.KZ.

Айтып келмейтін апат – тілсіз жау Әулиекөл ауданындағы орасан зор орман алқабын күлге айналдырып, 100-ден аса үйді жермен жексен етті. Салдарынен жүздеген жерлестеріміз баспанасыз қалып, құрбан болған жағдай да тіркелді.Алайда, Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев төтенше жағдайды алғашқы күннен бастап жеке бақылауына алды. Тіпті, өңірге арнайы жұмыс сапарымен келіп, Үкіметке тиісті тапсырмалар берді. Нәтижесінде өрт қаупі тез сейіліп, 7 қыркүйек күні өңірдегі жағдай толық тұрақтанды - деді әкім.

Келесі кезекте – бүлінген дүниені қалпына келтіріп, тұрғындарды үйреншікті өміріне қайтару міндеті тұрды. 

Бүгінде тұрғын үй құрылысына 2,3 млрд теңге қаражат бөлінді. Еліміздің құрылыс компаниялары үйлердің құрылысына кірісіп кетті. Мемлекетпен қатар, отандық ірі кәсіпорындар, банктер мен қайырымдылық қорлары да ортақ іске ат салысып, өз қаражаттарына бірқатар әлеуметтік нысандардың құрылысын бастады, - деп жазды өңір әкімі өзінің Іnstagram парақшасында.

Аймақ басшысының дерегінше, зардап шеккендерге көмек көрсету үшін арнайы ашылған «Қайырымдылық.KZ» қорына қазіргі уақытта 700 млн теңгеден артық қаражат түскен. Сонымен қатар, Архимед Мұхамбетов қиын сәтте қол ұшын берген барша азаматтарға, өрт сөндірушелер мен дәрігерлерге және еріктілерге алғысын айтты.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға