Жаңалықтар

«Алысқа кеткен жоқпын». Мәжілістен кеткен депутат пікір білдірді

«Алысқа кеткен жоқпын». Мәжілістен кеткен депутат пікір білдірді
Фото: parlam.kz 14.02.2024 10:47 827

Мәжілістен кеткен депутат Мәди Тәкиев пікір білдірді, деп хабарлайды El.kz  ақпарат агенттігі.

Мәди Тәкиев Мәжілістің жалпы отырысында әріптестеріне алғысын айтты.

Бір жылға жуық уақыт арасында тығыз жұмыс істедік. Сіздермен көптеген заң қабылдадық. Өздеріңіз білесіздер, өткен аптада президент те жұмысымызға өз бағасын берді. Ерлан Жақанұлы, сіздің қолдауыңызға да көп рахмет! Алысқа кетіп жатқан жоқпын. Осы трибунаға жиі келіп тұрамын. Қатты сынамайтын шығарсыздар деп ойлаймын. Баршаңызға рахмет! - деді Тәкиев.

Айта кетейік, Мәди Тәкиев 6 ақпаннан бастап мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен қаржы министрі қызметіне тағайындалды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға